22 ақпан 2022 10:41

Алматы әкімдігі "қаңтар оқиғасы" фильмінің түсіріліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі "қаңтар оқиғасы" фильмінің түсіріліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі "қаңтар оқиғасы" фильмінің түсіріліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 20 ақпанда түс ауа Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелері қиылысында болған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік Желіге жариялаған. Кадрларда ер адамдардың айғайлаған дауысы естіледі. Кейін бір топ ер адам жол бойымен жүріп, түрлі ұрандар айтып, кейін әр жаққа тарай бастайды. Тағы бір топ ер адам тротуарда әскери киім киген адамды ұрып-соғып жатыр. Атыс пен жарылыс дыбыстары да естіледі.

Видеоның сипаттамасында бір апта бұрын осы жерлерде алдағы күндері түсірілім жұмыстары болатыны туралы парақшалар ілулі тұрғаны, бірақ жауапты тұлғалардың қолдары мен аты-жөндері жоқ екені айтылған.

"Бүгін көшенің айналасында патрульдік көліктер, өрт сөндірушілер және қарапайым тұрғындарды тыныштандыратын адамдар болған жоқ. Адамдар қорыққандарынан қарсы жолаққа шығып, түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзып жатыр. "Сергек" камералары ілініп тұр. Көше бойымен ары-бері өткен үлкен кісілер, балалар, қарапайым тұрғындар үрей үстінде. 

Мұндай түсірілімдерді алдында болған оқиғалардан кейін тұрғындарды шошытпай, жолдың толығымен қоршалған бөлігінде, адамдарға хабарлау арқылы жүргізу керек емес пе? Тым болмаса жолдарды жауып тастауы керек емес пе?", - дейді куәгер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Қалалық әкімдік 1 ақпанда Cultburo жеке компаниясы Алматы қаласы мен Әуезов ауданының әкімдігіне, сондай-ақ полиция департаментіне хат жолдағанын айтты.

"Cultburo жеке компаниясы "Хабар" телеарнасының тапсырысы бойынша 13 ақпанда "қаңтар оқиғасы" тақырыбында әлеуметтік ролик түсіруге рұқсат беруді сұрады. Осы хат бойынша Қоғамдық даму департаментінің мамандары хат авторларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін түсірілімге рұқсат берілмейтіні хабарланды. Дәл осындай жауапты полиция департаментінен де алды. Алайда біздің рұқсат бермегенімізге қарамастан, 20 ақпанда Cultburo компаниясы видео түсірген", - деп хабарлады әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети