02 наурыз 2022 13:45

Алматы әкімдігі көше қиылысындағы таймерлер неге алынғанын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда 60 бағдаршамда сигналдың жану уақытын көрсететін кері санақ таймерлері ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 60 бағдаршамда сигналдың жану уақытын көрсететін кері санақ таймерлері ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ауыстыру жұмыстары "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бағдарламасы аясында жүргізіледі, керекті қаржы бөлінген.

Енді Алматыда мына мекенжайлар бойынша: Достық даңғылы - Абай даңғылы; Сейфуллин даңғылы - Гоголь көшесі; Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі; Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі; Абылай хан даңғылы - Абай даңғылы, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарды қосымша орнату арқылы жаяу жүргіншілер өткелі жол белгілерінің сызықтарын сызу жұмыстары жүргізілді.

"Бұл шаралар, ең алдымен, жүріп-тұруы шектеулі адамдардың жол бөлігінде кедергісіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті редакцияның сауалына әкімдіктегілер.

Алматы көшелерінің жүріс бөлігі бойындағы веложолдардағы сигналдық тіректерді демонтаждау жұмыстарына келетін болсақ, бұл қыс мезгілінде жолдарды қардан кедергісіз тазалау мақсатында жүргізілді. Оларды қалпына келтіру 2022 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети