13 қараша 2018 10:35

Алматы әкімдігі тұрғындардан көліктерін жол бойына қоймауды сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімінің баспасөз қызметі © Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда жарты тәулік бойы жауған қар 13 қарашада сағат 06.00-де тоқтады. Қардың қалыңдығы 10 сантиметр болды. Әкімшілік өкілдері коммуналдық қызметкерлердің жұмысын түсініп, көліктерді жол бойына қоймауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметтер бойынша, қар жауған уақытта жол мұз болып қалмауы үшін 5 400 тонна материал қолданылған. 13 қарашаға қараған түні көше тазалау жұмысы басталды. Қаладан 7563 текше метр қар шығарылды.

"13 қарашада кептеліс сейілгеннен кейін қар шығару жұмыстары жалғасады. Оған 860 арнайы техника мен 2860 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда жаяужолдарды, аялдама мен тұрақтарды тазарту басты назарда. Қала тұрғындарынан коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысын түсініп, көліктерді жол бойына қоймауды сұраймыз", - деді әкімдіктегілер. 

Сонымен қатар, 14 қарашаға қараған түні магистраль көшелерден қар шығару жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети