Алматы әкімдігінің өкілдері автокөлік иелеріне үндеу жасады

08 Қараша 2018, 11:18
0
Алматы әкімдігінің өкілдері автокөлік иелеріне үндеу жасады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алдағы күндері қар жауып, қатқақ болуына байланысты Алматы билігінің өкілдері автокөлік иелеріне қысқы дөңгелек орнатуды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылдың 8 қарашасында сағат 06.00-ден бастап Алматыда қар аралас жаңбыр жауды. Таулы аймақтардағы қардың биіктігі сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 7 сантиметрге жеткен.

"Көктайғақты алдын алу мақсатында коммуналдық қызметтегілер 180 тонна көктайғаққа қарсы қоспа қолданды", - деп хабарлады Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасындағылар.

Қар тазалауға барлығы 454 дана техника мен 1840 жол қызметкері жұмылдырылған.

Қазақстандықтар автокөлік шиналарын қашан ауыстыруы керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай