21 қараша 2018 15:25

"Алматы - Астана" бағытындағы пойызда болған жанжал: Жөндеу жұмысына қанша қаражат керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

4 қазанда футбол жанкүйері жанжал шығарып, талқандаған "Тұлпар-Тальго" вагонының люкс купесін жөндеуге 180 мың теңге қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы - Астана" бағытындағы "Тұлпар-Тальго" вагонының люкс купесіндегі бұйымдарға келтірілген шығын анықталды. Бұйымдарды өндейтін зауыттағылардың айтуынша, бүлінген заттар 433, 09 еуроға бағаланады. Бұл Ұлттық банктің қазіргі бағамы бойынша - 180 594 теңге", - делінген хабарламада.

Жолаушының шығынды толықтай көлемде өтегені айтылады.

Еске сала кетейік, 24 қазанда әлеуметтік желілерде осы оқиғаның видеосы таралған еді. "Алматы- Астана" бағытындағы пойыздан 32 жастағы жолаушының шығарылғаны хабарланған болатын. Ал кейінірек оған 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салынатыны айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети