23 желтоқсан 2022 11:32

Алматы әуежайы депутаттың сауалына пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы халықаралық әуежайы Мәжіліс депутаты Константин Авершиннің VIP терминалды бұзып, көшіруге қатысты депутаттық сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы халықаралық әуежайы Мәжіліс депутаты Константин Авершиннің VIP терминалды бұзып, көшіруге қатысты депутаттық сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, VIP терминалды жаңа орынға көшіру әуежайдың мәдени мұрасының сақталуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, терминалдың орнын ауыстыру барлық қажетті рұқсаттармен жүзеге асырылатыны айтылады.

"Бүкіл жобаны EBRD және IFC халықаралық қаржы институттары қаржыландырады, олар мәдени мұраны қорғаудың ең жоғары әлемдік стандарттарын талап етеді. 2020 жылдан бастап бұл процесс Британдық Mott MacDonald консультанттарының тәуелсіз бақылауымен барынша ашық жүзеге асырылып келеді. Мүдделі тараптармен тұрақты кездесулер өткізілді, оның ішінде бес қоғамдық тыңдау мен талқылау болды.

Алматы әуежайын халықаралық стандарттарға сай дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаның орталық бөлігі болып табылатын жаңа ғимаратта мәдени мұралар сақталады және кеңейтіледі", - делінген хабарламада.

Бұл ретте жаңа халықаралық жолаушылар терминалы 2024 жылдың жазында ашылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Алматы әуежайының тарихи ғимараты 1947 жылы салынған және Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.

"Сәулет ескерткішін жылжыту дегеніміз оны жаңа орындағы бар сәндік элементтермен қайта жасау", - деп толықтырды ведомство.

Хабарламада ғимараттың қайта жасалатыны және сәндік элементтердің бастапқы көрінісін сақтайтыны айтылған.

"Барлық сәндік элементтері сақталған терминал Алматы халықаралық әуежайының аумағында 420 метр радиусқа жылжытылады, сол арқылы ғимаратты тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақтау үшін жағдай жақсарады", - деп толықтырды ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети