13 шілде 2021 10:19

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылып жатыр, кіреберістердің бір бөлігі жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылып жатыр, кіреберістердің бір бөлігі жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты әуежай өкілдері жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұрады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

"Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.

Бұған дейін әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Ол VIP-терминал орнында болады. Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың мамырына жоспарланған.

Айта кетейік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы әуежайы TAV Airports түрік компаниясының меншігіне өтті. Бас директоры болып Мете Еркал тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети