Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматы әуежайы Талғат Бигелдиновтің есімімен атау туралы ұсынысқа жауап берді

12 Қараша 2014, 17:45
0
©Zaleskiy.com
©Zaleskiy.com

Алматы халықаралық әуежайы өкілдері таяуда қайтыс болған ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің атын әуежайға беруге әлі ерте деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Талғат Бигелдинов Алматы қаласында 10 қарашада қайтыс болды.

Алматы әуежайының ресми өкілі нысанның жеке иелікте екенін және атын ауыстыру шешімін оның иелері ғана шығара алатынын айтты. "Шын мәнінде, Талғат Бигелдинов - батыр, ол даңқты ұшқыш. Отанына бергені көп және біз оның ұшқанын көріп, ұшқыш болуды армандадық. Бірақ біздің әуежай Алматының атымен аталған, ол "Алматы халықаралық әуежайы" деп аталады. Атын ауыстыру туралы әңгіме айтылып жатқан жоқ", - деді әуежайдың ресми өкілі Tengrinews.kz тілшісіне.

 

Еске сала кетейік, Талғат Бигелдиновтің атын беру туралы ұсынысты қазақстандық блогерлер қоғамдастығы жасаған болатын. Ашық хаттың бастамашысы Яков Федоров үндеуді республиканың Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстан Үкіметі жанындағы Ономастика мәселелері жөніндегі комитетке жіберді.

Федоров өз хатында 1957 жылы Алматы әуежайының қалпына келтіру жұмыстары Талғат Бигелдиновтің басшылығымен жүргізілгенін, ұшу-қону жолағының кеңейтілгенін жазды. "Оған дейін Мәскеуге ұшып бару үшін Ташкентке, содан кейін Ил-18 ұшағына қайта отыруға бірнеше сағат күтіп барып, ұшу керек болған. Қайта ұшып келу де осы жолмен жүзеге асты. Осылайша, Бигелдиновтің алматылық әуежайдың қазір біз білетін деңгейге жетуіне үлкен үлес қосқандығы белгілі", - делінген үндеуде.

Бигелдиновтің басшылығымен Балқаш, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Арқалық, Қызылорда, Тараз және Қарағанды қалаларында аэродромдар салынған. Блогерлер азаматтық авиацияның дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін оның аты мәңгілік есте қалуға лайықты екеніне сенімді. "Әлемдік тәжірибеде халықаралық әуежайларды ұлттың даңқты ұшқыштарының есімімен атау мысалдары бар. Мәселен, Ыстамбұлдағы Сабиха Гекчен атындағы әуежай. Бұл ұсыныс болашақ ұрпаққа батырдың образын нығайта түсуге, тарихты бағалауға қазақстандық жастардың авиацияға деген қызығушылығын арттырып, патриоттықты көтеруге көмектеседі. Атын беруді Жеңістің келесі жылы тойланатын 70 жылдығымен байланыстыруға да болады , - дейді олар."  

Талғат Бигелдинов Алматыда 10 қараша күні өмірден озды. Батырдың жаназасы 12 қарашада 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта орналасқан Қазақстан Республикасы әскері үйінде әскери дәстүр бойынша шығарылды. Талғат Бигелдиновпен бірінші жақын туыстары мен достары қоштасты, содан кейін қаралы жиын болды. Одан соң БТР сүйек салынған табытты жерлеу қызметінің көлігіне дейін алып жүрді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай