22 қараша 2019 16:45

Алматы әуежайын көшіру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

"Алматы-2050" даму стратегиясын дайындаушылар әуежайды көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматы-2050" даму стратегиясын дайындаушылар әуежайды көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат бойынша, Алматыны дамытуға арналған алты аймақ пайда болады. Осылайша, халықаралық сарапшылар өндірістік кәсіпорындар мен халықаралық әуежайды қала сыртына көшіруді ұсынып отыр.

"Кейбір аумақтарда бірқабатты ғимараттар толып тұр, солардың барлығын сүріп тастауға болады. Мұның барлығы стратегия аясындағы Бас жоспарда қосымша дайындалады. Барлығы есептеледі. Келесі жылы дайын болады", -  деді Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров.

"Downtown Алматы теміржол вокзалынан төмен жақта орналасады. Қаланың төмен бөлігінде орналасқан аудандарды дамытамыз. Қала кеңеймейді, ондай жоспарда жоқ. 2040 жылға қарай әуежайды қала сыртына ауыстырып, ал әуежай орналасқан жерге кеңсе орындарын немесе тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр," - деді "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма директоры Айдос Жексенбай.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети