09 наурыз 2021 16:33

Алматы әуежайында 300-ге жуық қазақстандық тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда шетелден келген, бірақ әуежай аймағынан еркін шыға алмаған 283 қазақстандықтың видеосы жарияланды. Оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда шетелден келген, бірақ әуежай аймағынан еркін шыға алмаған 283 қазақстандықтың видеосы жарияланды. Оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар әлеуметтік желілерде "коронавирусты анықтайтын сынама тапсыру керегін, бірақ әуежайда үш сағат күтуге мәжбүр болғанын" айтып шағымданды.

Айта кетейік, еліміздегі бас санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысына сәйкес, елге оралған қазақсатандықтарда теріс нәтижелі анақтама болуы қажет. Дегенмен адамдарға еліне ПТР-анықтамасыз оралуына тыйым жоқ.

"Бұл оқиға 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні болған. Алматы әуежайына бір мезгілде үш рейс келді:

  • Мальдив аралдары - Алматы, ұшып келу уақыты - 03.16, келген жолаушы саны - 201, анықтамасы жоқ-44.
  • Дубай (БАӘ) - Алматы, ұшып келу уақыты-03.50, барлығы - 155 жолаушы, анықтамасы жоқ - 48;
  • Мальдив аралдары - Алматы, ұшып келу уақыты - 04.00, барлығы 245 жолаушы келді, анықтамасы жоқ - 191 адам.

Анықтамасы жоқ 283 жолаушыны тасымалдау үшін 6 автобус және 2 "Газель" бөлінді. Анықтамасы жоқ жолаушылар санының көптігіне байланысты тасымалдау кезінде кезек пайда болды", - деп түсіндірді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.


Видео @ztb_qaz Telegram-арнасынан алынған

Ол 2020 жылы 6 қазаннан бастап Халықаралық рейстермен Қазақстан аумағына 295 697 адам келгенін, оның ішінде 41 742 адамда анықтамасы болмағанын айтты. Мысалы, 7 наурызда халықаралық рейстермен елге ПТР-сынама тапсырмаған 984 адам келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети