17 ақпан 2017 12:16

Алматы әуежайының өкілдері "Басуға болмайды" деп жазылған кілемдерге байланысты түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/evgeni.pereverzev © facebook.com/evgeni.pereverzev

Алматы әуежайының күту залында "Басуға болмайды" деп жазылған кілемдерді тазарту үшін қойған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуежай өкілдері айтып берді. 


Алматы әуежайының күту залында "Басуға болмайды" деп жазылған кілемдерді тазарту үшін қойған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуежай өкілдері айтып берді. 

"Оларды қазір жинастырады. Тазартып болған соң жинайды", - деді әуежайдың өкілі. 

Осыған дейін, Facebook желісінде Евгений Переверзев есімді қолданушы күту залына жайылған кілемдерді Желіге жүктеген. Пікір қалдырушылар түрлі болжамын жазды. Солардың ішінде бұл кілемдердің ұшатынын және әуежай әуепаркінің өзіне осындай ұшақтармен толықтырып жатыр деушілер де болды. "Бұл ұшқыш-кілемдер. "Эйр Астана" өзіне жаңа ұшақтарды сатып алып жатыр. Көктемде және жазда ғана, сосын тек оңтүстік бағыттағана ұшады", - деп әзілдеді Дінмұхамед Қалиқұлов. Кілем тазалау нұсқасы да болды. "Егер жатсаң техникалық тұрғыдан ережені бұзбайсың. Қағазға былай деп жазып қоюға болады: "Кілем тазалаймыз, тез әрі сапалы. Әуежай әкімшілігі", - деп жазды Қуат Бахридинов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети