07 сәуір 2022 11:34

Алматы әуежайының президенті жалаңаш ер адамның оқиғасына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Алп Эр Тунга жалаңаш ер адаммен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Алп Эр Тунга жалаңаш ер адаммен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе айлағының басшысы қауіпсіздік мәселесі айтарлықтай күрделі екенін атап өтті.

"Әрине, болған жағдайға әзілмен қарап жатырмыз, бірақ бұл күрделі мәселе. Осы оқиғадан кейін бірден тікенек сым орнаттық. Біз қоршауды электрлендіруді жоспарлап отырмыз. Оған қоса, қосымша камералар орнатамыз. Ер адам психикалық ауруға шалдыққан деген ақпарат нақты емес. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ол.

Оқиға 6 сәуірге қараған түні болған. Әлеуметтік желіде жалаңаш ер адамның темір қоршаудан асып түскен видеосы тарады. Келесі кадрларда ол ұшақтар маңында жүргені көрінеді. Әрі қарай ер адам жүрісін жеделдете жүгіріп, қараңғыға сіңіп кетеді. Кадрларға қарағанда, бұл - Алматы әуежайы. Видеоға "Терминатор" блокбастерінің саундтрегі қойылған. Бұл кездейсоқ емес сияқты, өйткені ер адамның әрекеті фильм эпизодына ұқсайды.

Алматы халықаралық әуежайы оқиға әуеайлақ аумағында болғанын растады.

"Белгісіз ер адам қоршаудан секіріп өтіп, перронға қарай жүгірген. Әуежайдың Авиациялық қауіпсіздік қызметі оны дереу ұстап, Желілік полиция бөліміне тапсырды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.

Көлік полициясы мәліметінше, оқиға кеше түнде болған. Видео кейіпкері - 25 жастағы ер адам.

"6 сәуірде сағат 00.10 шамасында бұл азамат шешініп, Алматы әуежайының жергілікті терминалы қоршауынан өткен. Кейін ұшу-қону жолағына қарай жүгірген. Сол жерде ер адамды Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады", - деді Көліктегі полиция басқармасы баспасөз қызметі өкілдері. 

Медициналық сараптама ұсталған азамат жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын растады.

"1997 жылы туған азаматқа қатысты бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-ның 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келу", 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" және 564-бабы "Әуежайлардың аумағы арқылы тиісті рұқсатсыз өту", - деп қосты департаменттегілер.

Әкімшілік материалдар сотқа жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети