23 тамыз 2023 15:38

Алматы әуежайының VIP-терминалы жазда ашылмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматы әуежайында жаңа Vip-терминалды қолданысқа беру мерзімі кейінге қалды. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының президенті Эрсой Альп Эр Тунга айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әуежайында жаңа Vip-терминалды қолданысқа беру мерзімі кейінге қалды. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының президенті Эрсой Альп Эр Тунга айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежай президентінің айтуынша, бұрын сүрілген тарихи ғимараттың тура көшірмесі 2023 жылдың қазанында ашылады. Ғимаратта негізінен үкімет делегацияларына қызмет көрсетіледі.

"Бұл ғимаратты Президент, министрлер секілді еліміздің және шетелдің жоғары мемлекеттік тұлғалары пайдалады. Бизнес-класстың VIP жолаушыларына ескі және 2024 жылдың тамызында қолданысқа берілетін жаңа терминалда қызмет көрсетіледі. Құрылысшылар жұмысты екі айға ерте аяқтағысы келеді. Бірақ, нақты уәде бере алмаймыз", - деді Альп Эр Турга Эрсой.

Жаңа терминалда 50-ге жуық кеңістігі бар 40 қабылдау бөлмесі болады. Қазіргі уақытта әуежайдың ескі терминалында 20 қабылдау бөлмесі бар.

"Жаңа терминалдың құрылысы 200 миллион долларға бағаланып отыр. Ауданы 55 мың шаршы метр, бұл қолданыстағы терминалдан 2,5 есе көп", - деді әуежай президенті.

Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артады.

Tengrinews.kz/Шоқан Алқабаев

Айта кетейік, биыл 29 тамызда әуежайдың екінші қабатында пандус іске қосылады. Бұл автотұрақтағы көліктің сыймау мәселесін айтарлықтай азайтады, деп сеніп отыр әкімшілік.

Жаңа Vip терминалдың құрылысы 2023 жылдың жазына дейін аяқталады деп жоспарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети