Алматы автобустарына валидатор қайтарылмайтын болды

17 Қыркүйек 2018, 17:49
0
Алматы автобустарына валидатор қайтарылмайтын болды -

Бүгін, 17 қыркүйекте таңғы уақытта БАҚ-тарда 2019 жылы Алматы автобустарына валидатор қайтарылатыны жайлы хабарланған болатын. Алайда "Көлік холдингі" компаниясының өкілдері қоғамдық көліктерде қосымша валидатор қоюға қажеттілік жоқ екенін айтады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылардың тек 2 пайызы жолақысын қолма-қол төлесе, 97 пайызы "Оңай" картасын қолданады. Сондықтан қоғамдық көліктерде қосымша валидатор қоюға қажеттілік жоқ.

"Қоғамдық көліктерге валидаторлар қайта орнатылады деген ақпарат жалған. Кезінде, жолақы төлемі "Оңай" картасы арқылы және ақшалай жасалған уақытта, жолаушылардың 45 пайызы ақыны жүргізушіге беретін. Кейін сараланған тариф енгізіліп, қолма-қол төлем құны қымбаттады. Осы тұста тұрғындар жаппай "Оңай" картасына көшті. Қазір бір қоғамдық көлікте күніне 10-15 адам ғана жол ақысын жүргізушіге берсе, 97 пайызы картамен есептеседі. Сондықтан бізге валидатор қоюға қажеттілік жоқ. Валидатор орнату қосымша шығын әрі автобус желілеріне қосымша жүктеме болады", - деді "Алматы қаласы Көлік холдингі" ЖШС директоры Садир Хамраев.

Холдинг есебі бойынша, қоғамдық көліктерде төлем картасы енгізілгелі бері көлеңкелі ақша айналымы жойылған. Мәселен, қолма-қол төлем кезінде тасымалдаушы компаниялар бір айлық табысын 800 миллион теңгемен шектепті. Ал электронды билет жүйесі енгізілгелі табыс еселене түсіп, олардың ай сайынғы табысы 1,5 миллирдқа жететіні белгілі болған. Қазір қоғамдық көліктерден ай сайын 2 миллиард теңге түседі. Сондықтан "Оңай" картасын қолданушылардың санын бұдан ары көбейту көзделіпті. Сондай-ақ, қолма-қол төлемді түбегейлі тоқтатып,  жүргізушіден жүктемені алу үшін төлем жасаудың жаңа әдісін де іске асырмақ.

"Біз жыл соңына дейін жол ақысын SMS арқылы төлеу жүйесін енгіземіз. Оған Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторлары қатысады. Егер жолаушы картасын ұмытып кетсе, жол ақысын"Оңай" терминалында жазылған қоғамдық көліктің кодын жібересіз. Бірден жолақысы төленіп, сізге хабарлама келеді", - деді Хамраев.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай