23 қаңтар 2023 14:12

"Алматы жылу желілері" бас директоры ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы жылу желілері" бас директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы жылу желілері" бас директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АлТС" басшысы лауазымында - Қуаныш Бейсенбинов. Антикор оның ісіне қатысты мәліметтерді кейінірек беруге уәде берді.

Бұрын әлеуметтік желілерде Бейсенбинов пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді. Ол жеткізушіден 16 миллион теңге алғаны туралы айтылған. Бұл ақша Алматыдағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша аяқталған жұмыстардың актісіне қол қоюға және қолдауына арналғаны хабарланды.

Қуаныш Бейсенбинов "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің басшысы болып 2018 жылдың сәуірінде қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен тағайындалған болатын. Оған кәсіпорынның тиімділігін арттыру, стандартты және артық жылу шығындарын азайту, сондай-ақ өндірістік процестерді цифрландыру және қызмет көрсету бойынша бірқатар міндет қойылған.

Бұған дейін 2016 жылдың қарашасынан бастап Бейсенбинов басқа "Алматы су" коммуналдық кәсіпорнын басқарды. Осыған дейін Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарса, 2009 жылы Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети