04 сәуір 2022 09:49

"Алматы қала жарық" қалай өз құнынан үш есе арзанға сатылды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

Алматы қаласының прокуратурасы қаланың көшесін жарықтандыруды қамтамасыз ететін "Алматы Қала Жарық" ШЖҚ сметалық құнынан үш есе арзанға қалай сатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының прокуратурасы қаланың көшесін жарықтандыруды қамтамасыз ететін "Алматы Қала Жарық" ШЖҚ сметалық құнынан үш есе арзанға қалай сатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органы қала көшелерін жарықтандырумен айналысатын "Алматы қала жарық" серіктестігінің жеке қолға өтуінің заңдылығын зерттеді. Өткен жылдың 25 қазанында қалалық әкімдік "Алматы қала жарық" кәсіпорнын жекешелендіруге беру туралы шешім қабылдағаны хабарланған. Осыдан кейін 8 қарашада Мемлекеттік активтер департаментінде алғашқы аукцион жарияланған. Кәсіпорынның бастапқы бағасы бағалау бойынша 14 миллиард 835 миллион теңге болып белгіленген.

"Қатысуға өтінімдер болмағандықтан екі рет сауда-саттық өтпеді деп танылды. 28 желтоқсандағы үшінші сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ABMGroup.com жеңімпаз деп танылды. Оның баға ұсынысы 4 миллиард 660 миллион теңге болды", - деп мәлімдеді Алматы прокуратурасында.

Бұл аукциондағы жалғыз ұсыныс болғаны айтылды. Сондықтан жеңімпазбен кейіннен сатып алу-сату шарты жасалған.

"Тауар нарығы бәсекелестігінің жай-күйін талдау барысында Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын, Жекешелендіру объектілерін сату ережелерін және Алматы қаласы әкімдігінің әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексін бұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты, қала прокуратурасының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуы және жоғарыда аталған Департаменттің хабарламасы негізінде әкімдік Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "Алматы Қала Жарық" ШЖҚ МКК сату бойынша сатып алу-сату шартын бұзу және жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді", - деп толықтырды прокуратура.

"Алматы қала жарық" мемлекеттік кәсіпорынның неліктен үш есе арзанға жекешелендірілгенін түсіндірді. Компания gosreestr.kz электронды платформасының ережелері екінші және үшінші аукциондар кезінде бастапқы сметалық құнын 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

"Нысан бірінші конкурсқа шығарылған кезде бастапқы бағаға тең болады. Екінші және үшінші конкурсқа қойылған кезде бастапқы баға бұрынғы тендердің бастапқы бағасынан 50 пайызға төмендейді. Сондықтан, бірінші аукционда бастапқы баға 14 миллиард 835 миллион теңге болып белгіленсе, екінші аукционда бастапқы баға 7 миллиард 417 миллион теңге, үшіншіде 3 миллиард 708 миллион теңге болды.

Ұсынылған 4 миллиардд 660 миллион теңгемен ABM Group.Com жеңімпаз атанды, бұл бастапқы бағадан 951 миллион теңгеге артық", - деді "Алматы қала жарық".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети