12 қазан 2020 18:10

Алматы қонақүйлерінде ПТР сынамасы жоқ 154 жолаушы оқшауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Халықаралық рейстердің ПТР-сынамадан өтпеген 154 жолаушысы Алматы қонақүйлерінде оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Халықаралық рейстердің ПТР-сынамадан өтпеген 154 жолаушысы Алматы қонақүйлерінде оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, 10 қазанда сағат 8:00-ден 11 қазанда 8:00-ге дейін Алматыға шетелден 12 рейс келді. Бортта Ресей, Түркия, БАӘ, Ұлыбритания, Мысыр, Украина және Германиядан ұшып келген 1173 жолаушы болған.

"154 жолаушыдан ПТР-сынамасы туралы анықтама болмады, олар COVID-19-ға зертханалық тексеріс үшін карантиндік стационарларда (қонақ үйлерде) оқшауланды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

6-12 қазан аралығында Алматыға барлығы 66 әуе рейсі арқылы 8207 жолаушы келгені атап өтілді.

"ПТР нәтижесі жоқ 2362 жолаушы карантиндік орталықтарда оқшауланды, тоғыз шетелдік депортацияланды. 2362 адам зертханалық тексеруден өтті, үшеуінде оң нәтиже көрсетілді. Бұл Анталия - Алматы - 2, Дубай - Алматы рейстері. Рейстерде байланыста болған 40 адам инкубациялық кезең уақытында бақылауға алынды", - деді әкімдік қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети