12 қазан 2018 11:42

Алматы көшелеріндегі ескі шамдардың қайда жіберілетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, биыл қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен аса жарық бағанасы ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30 пайызға қысқартады және ұзақ мерзімді.

Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазірдің өзінде 195 бағана Ақсай және Өтеміс көшелеріне жеткізілді.

Жалпы жыл аяғына дейін Алматыда 24 мыңнан астам жарық көздері немесе олардың 31,5 пайызы энергия жинақтаушы және жарық диодты шамдарға ауыстырылады. Тағы да 266 шақырым жарық көзін модернизациялаудың жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатыр.

Бұлардан өзге, қайта жаңарған 1400 аулаға жаңа жарық көздері орнатылған.

Тарихи маңызы бар нысандарды кешке қарай жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмысы одан әрі жалғасуда. Таяуда ғана "Қазақстан" қонақ үйі мен Орталық демалыс және мәдениет саябағының кіре берісі ерекше нұрға бөленді.

Алматыда ғимараттарды, нысандарды, ландшафтарды бірыңғай архитектуралық стильде нұрландыру аясында соңғы екі жылда 130 объект кешке қарай ерекше келбетке ие болды.

Олардың арасында Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар, Қастеев атындағы және Ықылас атындағы музейлер, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы бар. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржылар есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды бағытының бірі урбанизация мәселесін шешу мен қалаларды одан әрі дамыту болып табылады.

Айта кетерлігі, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 шақырым арық, 800 шақырымнан аса инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.

Көшедегі барлық жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 80 пайызға жетеді.

"Алматы-1" теміржол вокзалының айналасы адам танымастай өзгерді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети