28 наурыз 2020 16:04

Алматы көшелеріндегі қылмыс екі есе азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелеріндегі қылмыс екі есе азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы көшелеріндегі қылмыс екі есе азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты, қылмыстың төмендеу үрдісі байқалады.

"Қылмыс 57,4 пайызға төмендеді. Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау 44,4 пайызға азайды. Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5 пайызға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған.

"Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді. Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети