07 шілде 2015 14:55

Алматы маңында магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот © some.kz Скриншот © some.kz

Алматы маңында магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.


Алматы маңында магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматыдан шығысқа қарай 66 шақырым қашықтықта. Жерасты дүмпулері 7 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 13.13-те тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,2. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін 3 маусымда Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 83 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,6. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Оған дейін, 20 мамырда сағат 11.40-та Алматыдан шығысқа қарай 245 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Ол кезде жер сілкінісі Қазақстан аумағында тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте ал, энергетикалық класы 8,8 болған еді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети