03 қараша 2020 07:33

Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстың мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы Байсерке ауылында болған атыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty телеарнасына сілтеме жасап.


Алматы маңындағы Байсерке ауылында болған атыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жанжал "Поляна 1Б" демалыс орнында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқ атқандар мен кешен иесінің арасында жеке мәселелер болған. Жанжалды демалушылардың бірі видеоға түсірген. Ролик авторы оқ дауысын естігеннен кейін камера қосқанын айтты. 

Басқа куәгерлердің айтуынша, олар медициналық маска киген бір топ адамның демалыс кешеніне кіргенін көрген. Олар кешеннің иесін іздеп келген және жанжалдасқаннан кейін оқ атқан.

"Қатты жарылыс болды, шамамен төрт рет. Сосын мен демалып отырған адамдардың кете бастағанын көрдім. Олар қорқып кетті. Жарылыс болды деген қауесет шықты, бірақ мен қателесіппін. Ол жерде адам өлтірілген шығар", - деді Іле ауданының тұрғыны Леонид Пронюков. 

Жергілікті тұрғындар демалыс орнында мұндай жағдай ешқашан болмағанын атап өтті. Олардың айтуынша, кешеннің иесі жақсы адам және оның жауы болған емес. Сондай-ақ спортпен шұғылданамын деген кез келген адам үшін кешен әрдайым ашық болған. Ал жұмыс күндері кіру тегін. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты демалыс орны жабық - есікте үлкен құлып тұр және қарауылдап ит жатыр.

Еске салайық, мұның алдында Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алғаны хабарланған болатын. Полициядағылардың айтуынша, маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келіп, сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалған. Содан соң олар оқ атқан. Артынша оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.

Сондай-ақ кейін дәрігерлер атыстан жарақат алғандардың жағдайын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети