21 қазан 2021 09:12

Алматы маңындағы жеке сектор тұрғындары жаппай төбелес шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматы маңындағы жеке сектор тұрғындары газ орнату мәселесіне келісе алмай, жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Алматы маңындағы жеке сектор тұрғындары газ орнату мәселесіне келісе алмай, жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жанжал ауыл тұрғындарының жиналысы кезінде орын алды. Жергілікті тұрғындар екіге бөлінді: кейбіреулері көгілдір отынды мемлекеттік бағдарлама бойынша күтеміз десе, басқалары жеке мердігермен келісуге дайын.

"Біз осы жылы мемлекеттік бағдарламаны бірнеше жыл күтпей-ақ коммерциялық газ бергенін қалаймыз. Бағдарламаны бірнеше жыл күту деген не сұмдық? Коммерциялық газ 370 мың, мемлекеттік бағдарламамен 150 мың, мемлекеттік бағдарманы 3 жыл күтуім керек екен. Үш жыл ішінде көмір, отын сатып аламын, пеш жағамын, күл жинаймын, үш жылда 370 мыңнан көп шығын шығып кетеді", - деп түсіндірді жеке сектордың тұрғыны Күләш Әубәкірова.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мердігер құбыр салып, қажетті құрал-жабдықтар орнатқан. Бұл үшін әр отбасы 400 мың теңге төлеген. Бірақ үйлерге газ орнатылған жоқ. Себебі компанияның рұқсат құжаттары жоқ болып шыққан. Бірақ, екі жарым жыл бұрын шенеуніктер рұқсат бергенін айтады жергілікті тұрғындар.

Енді дайын құбырларды бөлшектеу керек. Бұл тұрғындарды одан сайын ашуландырды. Олар наразылықпен көшеге шықты. 

"Құбырларды бұза бастады. Біз олардың кім екенін, құбырларды неге сындырып жатқанын сұрадық. Олар өздерін әкімдіктен жібергенін айтты", - деді Айгүл Еркебаева.

Тұрғындардың бір бөлігі мемлекеттік бағдарлама бойынша орнатылатын газды күтуге дайын. Олар шенеуніктермен ынтымақтаса отырып, көгілдір отынды арзанға қойдыратынына сенімді.

"Біз арзан газды қалаймыз. Біз қарапайым халықпыз. Сондықтан бізге арзан газ қажет. 370 мың олардың айтқан бастапқы бағасы, бірақ болашақта одан көп сұрауы мүмкін", - деді Жұмабике Оқасова.

Әкімдікте мердігердің жобалық-сметалық құжаттамасы жоқ екенін айтады. Жекеменшік иесі құбырларды заңсыз салған деген болжам бар.

"Мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджет жасалып жатыр. Біз 40 үйді газға қосамыз. Әрине, біз кеше құбырларды алуға тыйым салдық, себебі тұрғындар ақша төлеп қойған. Инвестор алдымен құбырларды тартып алған, содан кейін ақша төлейді. Менің ойымша, бұл дұрыс емес", - деді Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрболат Манапбаев.

Мердігер өз жұмысын аяқтауға рұқсат алмағандықтан, құбырларды бөлшектеуге тура келеді. Ал шенеуніктер осы жылдың соңына дейін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге уәде беріп отыр. Бірақ ауылға газ орнату қашан басталатыны және оның қанша тұратыны әлі белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети