22 сәуір 2019 17:40

Алматы марафоны кезінде плакат ілу бойынша тағы үш адам жауапкершілікке тартылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы © instagram.com/tamina_spnv, © Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz фотоколлажы © instagram.com/tamina_spnv, © Тұрар Қазанғапов

Алматы марафоны кезінде плакат ілу бойынша тағы үш адам жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұл туралы полиция департаментінің өкілдері брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы марафоны кезінде плакат ілу бойынша тағы үш адам жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұл туралы полиция департаментінің өкілдері брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, тағы үш адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып жатыр (Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу - автор түсіндірмесі). Бұл дегеніміз, жақын арада олар да сот алдына шешім шығару үшін барады деген сөз", - деді Алматы қалалық полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осыған дейін, марафон кезінде "От правды не убежишь" жазбасы бар плакат ілгені үшін жігіт пен қызды ұстаған еді. 

"Осы шараны өткізу туралы қала тұрғындарына алдын ала хабарланған болатын, полиция күшейтілген тәртіпте қоғамдық тәртіпті сақтау және марафонға қатысушылардың қауіпсіздігін жүзеге асырды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 21 сәуірде шығарған үкімімен 1984 жылғы А.Т. Тулесова және 1998 жылғы Б.Ж. Толымбеков әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Қазіргі уақытта сот актісіне прокурордың қатысуымен қалалық сот қарайтын апелляциялық шағым берілді", - деді құзырлы орган өкілдері. 

Осыған дейін, осы жағдайға қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда өткен марафон кезінде адамдарды ұстау шаралары жайлы пікір білдірген еді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети