01 қыркүйек 2022 10:19

Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев© Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Биыл қалада 31,5 мыңнан аса оқушы бірінші сыныпқа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Биыл қалада 31,5 мыңнан аса оқушы бірінші сыныпқа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте қала мектептерінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биыл барлығы 301 мектеп оқушыларға есігін айқара ашса, оның 210-ы мемлекеттік, 91-і жекеменшік мектеп.

Биыл қалада 31 500-ден аса оқушы бірінші сыныпқа барды. Бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" және "Букварь" берілді. Биыл алғаш рет қазақ тілінде оқитын бірінші сынып оқушыларына орыс тілі сабағы болмайды. Олар оны екінші сыныптан бастап үйрене бастайды.

Сурет: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Алматы әкімдігі мәліметінше, биыл қала мектептеріне 290 мыңнан аса оқушы барған. Оқушылардың нақты саны кейін белгілі болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети