Алматы мектептерінде жоспарланбаған каникулға байланысты қосымша сабақтар енгізіледі

11 Қаңтар 2017, 17:48
6
Алматы мектептерінде жоспарланбаған каникулға байланысты қосымша сабақтар енгізіледі -

Универсиада кезінде қосымша каникул болатындықтан, сабақтар кестесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім беру ұйымдары бағдарламаны толық игеру үшін өзгерістер енгізеді. (...) Қосымша сабақтар болады. Мектеп директорлары сабақтар кестесіне қосымша сабақтар енгізу бойынша тапсырма береді", - деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысының орынбасары Ләззат Жылқайдарова баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол мектеп оқушылары Универсиадаға бару-бармауды өз еркімен шешетінін айтты.

Ал осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі алматылық оқушыларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланатынын хабарлаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай