Алматы мен Астанада жаңбыр жауып, күн салқындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Астанада жаңбыр жауып, күн салқындайды Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 22, 23 және 24 шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы ауа райы болжамы

22 шілдеде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде бағытын солтүстікке ауыстырады, жылдамдығы секундына 5-10 метр, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +22...+24 градус жылы болады.

23-24 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

22 шілдеде құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, түнде екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.

23-24 шілдеде құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.

Еске салайық, кейінгі күндері Қазақстанда аптап болып, температуралық рекордтар жаңарды. Мәселен, 14 шілдеде Астанада ауа температурасы +38,6 градусқа дейін көтеріліп, бұл осы күн үшін жаңа рекорд болды. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 1992 жылы тіркелген (+35,3 градус).

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +16
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +15
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +17
П
Павлодар +16
Петропавл +19
С
Семей +21
Т
Талдықорған +21
Тараз +20
Түркістан +21
О
Орал +19
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер