13 маусым 2020 17:12

"Алматы мен Нұр-Сұлтанға жол жабық": әкімдіктер WhatsApp-тағы хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы. Фото: Әлихан Сариев Алматы. Фото: Әлихан Сариев

WhatsApp арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға тыйым салынды деген хабарлама тарап жатыр. Бұған қатысты әкімдіктегілер пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға тыйым салынды деген хабарлама тарап жатыр. Бұған қатысты әкімдіктегілер пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"19.06.20, 00.00, Нұр-Сұлтанда, Алматыда карантин енгізіледі. Азаматтар мен көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынады. Қайда қалатыныңызға байланысты алдын ала шешім қабылдаңыз" - делінген желідегі хабарламада.

Қала әкімдігінің қызметкерлері ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.

"Мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат - "19 маусымнан бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынады" деген жалған. Тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Ең алдымен бұл - қала әкімшілігінің сайты. Бұдан бөлек, санитарлық нормаларды: маска тағу, қолды антисептикпен сүрту, қашықтық сақтауды орындау керек.

Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала бұрынғы қатал карантин режиміне оралуға мәжбүр болады: блокбекет қойылады, қоғамдық көлік тоқтайды, көптеген кәсіпорын тағы жабылады. Қаланың бұрынғы өміріне - ТЖ режиміне дейінгі жағдайына қайта келуі әрқайсымызға байланысты", - деп мәлімдеді елорданың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ Алматы әкімдігіндегілер тараған ақпаратты фейк деді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети