08 қаңтар 2019 14:03

Алматы облысы ТЖД жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы облысы ТЖД жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысы ТЖД жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аппарат жиналысында өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің басшысын таныстырды. Бұл қызметке өрт сөндіру қызметінің полковнині Ерлан Нұрпейісов келді. 

"Жұмыс көлемі бізлің облыста өте үлкен. Тасқынға қарсы шараларды ұйымдастыру қажет. Жазда орман және дала өрті қауіпі бар. Сонымен қатар, бізде өзен көлдер жетерлік. Құтқару шараларына ерекше назар аудару қажет", - деді Амандық Баталов. 

Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов азамматтық қорғау органдарында 1989 жылдан, қазіргі лауазымында 2018 жылғы 25 желтоқсаннан қызмет атқаруып жатыр. 1989-1992 жылдары аралығында ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін тәмамдаған. 1995-1998 жылдары ҚР ІІМ Алматы жоғарғы өрт-техникалық училищесінде білім алған. 

2005 жылы Шығыс-Қазақстан облысы МБҚБ басшысының орынбасары болған. 2006 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2007 жылы Шығыс-Қазақстан облысы "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ филиалының басшысы болды. 2012 жылы ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды. 

Мемлекеттік наградалары:  І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін";  ІІ дәрежелі "Айбын" ордені; "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төс белгісі;

Айта кетейік, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің осыған дейінгі басшысы, азаматтық қорғау полковнигі пара алды деген күдікке ілінді. Ол үй қамауына алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети