12 қаңтар 2021 09:52

Алматы облысы тұрғындары ауыз суды есекпен көрші ауылдан тасып ішуге мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Алматы облысы тұрғындары ауыз суды есекпен көрші ауылдан тасып ішеді. Дулат аталып кеткен шағын аудан Алматыдан небәрі 50 шақырым қашықта жатыр. Жергілікті тұрғындар елді мекенде ауыз су мүлдем болмағанын айтады. Бұқараның арызы "Астана" телеарнасының сюжетінде баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы тұрғындары ауыз суды есекпен көрші ауылдан тасып ішеді. Дулат аталып кеткен шағын аудан Алматыдан небәрі 50 шақырым қашықта жатыр. Жергілікті тұрғындар елді мекенде ауыз су мүлдем болмағанын айтады. Бұқараның арызы "Астана" телеарнасының сюжетінде баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна тілшісінің айтуынша, ықшамаудан жұрты ауыз су үшін есек асырауға мәжбүр. Өйткені ойдым-ойдым жолдармен су тасу оңай емес. Бұл жерде 13 жылдан бері тұратын Айдарбек, әлі күнге есекпен көрші ауылдан су тасып жүргенін айтады.

"Нұра ауылынан тасимыз суды, 2-3 шақырым жердегі ауылдан тасимыз. Елдердің үйіне барасың су алайыншы, деп. Қысты күні ешкім бермейді, суды үйлеріне кіргізіп алған. Үйіне флягпен кіргізбейді. Содан кейін тұрасың ойбай аға, көке бере қойшы сырттан ала қояйын. Қатып қалмайды, үйтіп қалмайды, деп", - дейді аудан тұрғыны Айдарбек Дербесов.

"Әкімдікке айтып-айтып шаршағанбыз ғой. Әйелдер барып әкімдікке айтады-айтады, уәде береді. Уәде бергеннен пайда жоқ. Жол мәселесі қиын болып тұр бізде. Жиырма бірінші ғасыр болғанда қазір цевелизация жоқ болып тұр ғой бізде", - дейді тағы бір тұрғын Бақыт Жұманов.

Аудан әкімдігінің айтуынша, шағын ауданға су тартылып жатыр. Осы көктемде пайдалануға берілмек. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінген деді.

"Дулат ықшам аудынының барлық көшелеріне су құбыры тартылып жатыр. Жобаның аяқталу мерзімі 2021 жылдың сәуір айы. Аталған ықшам ауданда жарық желісі жүргізілген. Жәй серіктестік құру арқылы пайдаланып отыр. Сондықтан төлеу бағасы 28 теңге. Қазіргі таңда АЖК балансына қабылдау жұмыстары жүргізіліп бітті", - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Асқарбек Қазанғап.

Жергілікті атқамінерлер жолдың мәселесінен хабардар. Олардың айтуынша, шағын аудандағы түйткілдерді рет-ретімен шешпек. Жол салу үшін биылғы жобалық сметаға өтініш берілгенін мәлім етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети