13 қыркүйек 2021 17:13

Алматы облысында 2800 оқушы карантинге жіберілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы облысындағы мектептерде 244 оқушы мен мұғалім коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2 800 оқушы қашықтан оқуға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы мектептерде 244 оқушы мен мұғалім коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2 800 оқушы қашықтан оқуға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірде мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырудың 209 жағдайы, балабақша тәрбиеленушілері арасында 18 жағдай тіркелгенін мәлімдеді. Өңірдің 120 мектебінде 2500 оқушы, 209 сынып үй карантиніне жіберілген.

"Мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырған 47 адам ауырып жатыр. Тағы 374 адам карантинге жіберілді. Жалпы, карантинге жатқызылған сыныптар көп емес, себебі өңірдегі барлық мектепте 22 400 сынып бар, онда 442 000 оқушы оқиды", - деді әкімнің орынбасары.

Батыржан Байжұмановтың айтуынша, өңірде мектептердегі санитарлық нормалардың сақталуын тексеретін және оқушылар мен мұғалімдер арасында ауру жағдайларын бақылайтын арнайы мониторингтік топтар жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 89 оқушы коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети