Алматы облысында 57 отбасы үйсіз қалуы мүмкін

08 Қараша, 09:23
0
Алматы облысында 57 отбасы үйсіз қалуы мүмкін - Телеарна сюжетінің кадрынан
Телеарна сюжетінің кадрынан

Алматы облысында 57 отбасы үйсіз қалуы мүмкін. Өйткені, осыдан үш жыл бұрын алған жер телімдерін Алматы облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы заңсыз берілген деп сотқа арыз жазған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сотқа Қарасай ауданы әкімдігі мен жауапты бірқатар тұлғалар шақырылғанымен, әкімдіктен ешкім төбе көрсетпеді. Тек қолда бар ақшасын санап беріп, жер алған тұрғындар ғана келді.

"Сол 800-700-ден болды. Әкімшілікке біреуін бердік. Қаулыны шығарып берді. Қаулы бойынша үй соқтық", - деді Құрманғазы Рымбергенов.

Бұл тұрғын да 2016 жылы аудан әкімдігінен жер телімін сатып алған. Араға үш жыл салып Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Қарасай ауданы әкімдігі мен 57 тұрғынды сотқа беріп отыр. Сотқа беруші тараптың айтуынша, жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқанда аталған жер телімдерін сатып жіберген. Ал, тұрғындардың құқығын қорғаушылар содан бері үш жыл өткеннен кейін ғана аталған мекеменің арызданғанына таңданып отыр.

"Сол уақыттан бері үш жыл өтті. Яғни, мемлекеттік мекемелердің әрекетіне, Қарасай аудандық әкімдігінің әрекетін сотқа беру керек еді. Осындай заңсыз жер телімдері берілді деп. Енді қазіргі уақытта қарапайым тұрғындарды сотқа тартып, бұлардың қолындағы құжаттың күшін жойып, негізсіз, яғни процессуалды кодексте талап беру мерзімін өткізіп алып беріп отыр. Сондықтан беріп отырған талаптары қанағаттандырылмауы мүмкін", - деді заңгер Әркен Кенжемолдаев.

Кейбір тұрғындар қолда бар құжаттарымен су, жарықтарын үйге кіргізіп алған. Егер жер заңсыз болса, құзырлы орган өкілдері қалай рұқсат берді дейді. Барлық жер теліміне сол кездегі Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Жұмаділ есімді азамат қол қойған.

"Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұмаділ деген әкім қол қойған. Жер кодексінің жергілікті атқарушы органы құқыққа сыйымсыз, заңсыз шешім қабылдаса, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары бұзылатын болса, шығындары міндетті түрде өтелуі керек", - деді Алматы облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Асылхан Байшоранов.

Осы айдың 13-інде құрылған комиссия мүшелері аталған учаскелерге барып, шығындарды анықтайды. Үйін салмаған, салса да заңдастырып үлгермеген азаматтарға өтемақы қалай төленетіні әзірге белгісіз.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай