12 шілде 2021 09:03

Алматы облысында алимент төлемеген такси қызметшісі жүргізу куәлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам екі миллион теңгедей алиментті төлемеген. Сот орындаушылар такси қызметшісі қалай да болсын қарызынан құтылуы үшін оны жүргізу куәлігінен айырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында ер адам екі миллион теңгедей алиментті төлемеген. Сот орындаушылар такси қызметшісі қалай да болсын қарызынан құтылуы үшін оны жүргізу куәлігінен айырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының жеке сот орындаушылар палатасының мәліметәнше, ер адам бірнеше жыл бойына өзінің кәмелетке толмаған екі баласына алимент төлемеген. 2021 жылдың ақпанына дейін қарыз сомасы 1 миллион 959 мың теңгеге жеткен.

"Біз бірнеше рет ескерткенімізге қарамастан ер адам алимент төлеу бойынша талапты елемеді. Осыған байланысты біз қарызды төлеуге мәжбүрлеу шараларын қабылдауымызға тура келді. Мұндай жағдайларда, әдетте, сот орындаушылары сот арқылы борышкердің мүлкін тәркілейді, оны сатады, ал түскен қаражат алимент төлеуге балалардың заңды өкілдеріне жіберіледі. Алайда, біз борышкердің артында оның заңды түрде иелік ететін мүлкін таба алмадық", - деді Алматы облысының жеке сот орындаушылар палатасының өкілі Айжамал Әбдрайымова.

Оның айтуынша, борышкер Іле ауданында такси қызметшісі болып жұмыс істеген, бірақ тапқан табысын балаларға аудармаған. Сот орындаушылары сотқа алимент бойынша қарыздар толық өтелгенше ер адамды жүргізуші куәлігінен айыру туралы ұсыныс жолдады.

"Кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін әрекет ете отырып, сот біздің ұсынысымызды қанағаттандырды. Сот шешімімен борышкердің В, С санатындағы жүргізуші куәлігі алимент бойынша қарыз толық төленгенге дейін тоқтатылды", - дейді Әбдрайымова. 

Бүгінде борышкерді Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр. Осы бап бойынша жаза 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети