25 қаңтар 2024 09:51

Алматы облысында барлық жаңа құрылыстың жер сілкінісіне төзімділігі тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар 24" "Хабар 24"

Алматы облысында барлық жаңа ғимараттың сейсмикалық төзімділігі тексеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.


Алматы облысында барлық жаңа ғимараттың сейсмикалық төзімділігі тексеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Облыста 600-ден аса құрылыс нысаны салынып жатыр. Бір ғана Қонаевтың өзінде екі жылдың ішінде бірнеше тұрғын үй кешені, сондай-ақ 900 орындық мектеп салынды. Дәл Алматыдағыдай мұндағы үйлер сол жердің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жобалануы керек, дейді мамандар.

"Құрылыс барлық заң нормаларына сәйкес жүргізіліп жатыр. Біз ай сайын барлық жұмысты қадағалап отырамыз. Өтініштер мен шағымдар түссе, тиісті тексеру тағайындаймыз", - деді Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғабиден Өзенбаев.

Алайда заңбұзушылықтар, соның ішінде заңсыз құрылыс деректері де анықталып жатыр. Былтыр 700-ден аса әкімшілік хаттамалар жасалған. Мемлекеттік тексерусіз үй сала бастаса, инспекторлар ұйғарым шығарып, айыппұл салады. 2023 жылы 140 миллион теңге айыппұл төленді.

Қонаевта апатты үйлер де сүріліп жатыр. Барлығы 25 осындай үй бар. 13 үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды.

"Өткен ғасырдың 50-60-жылдары салынған апатты үйлер сүрелді. Олардың орнына жаңа көпқабатты үйлер салынады. Тұрғындарды Қонаевтың басқа тұрғын үй кешендерінен баспанамен қамтамасыз етіп отырмыз", - деді Қонаев әкімнің хатшысы Ақерке Жұмағазы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети