Алматы облысында "Батыр бабалар" мемориалды кешені бой көтерді

02 Қыркүйек 2017, 11:23
0
Алматы облысында "Батыр бабалар" мемориалды кешені бой көтерді -

Алматы облысы Қарасай ауданында сәулеті қайталанбас ерекше "Батыр бабалар" мемориалды кешені ашылды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бой көтерген нысанды облыстық әкімдік пен өңір меценаттары бірлесіп атқарды. Жемісті жұмыстың салтанатты ашылуына, қарасайлық жұртшылықтың қуанышын бөлісуге облыс əкімі Амандық Баталов арнайы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиналған көпшілікті "Батыр бабалар" мемориалды кешенінің ашылуымен құттықтаған өңір басшысы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында атқарылған маңызды жобалардың бірі екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, ел тарихын, батыр бабаларымыздың есімін жадымызда ұстау ертеңіміз үшін өте маңызды. Бүгінгі ашылып отырған мемориалды кешеннің жетісулық өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі алар орны ерекше болатындығына сенім білдіремін", - деді аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы.

Ыстық ықыластан кейін облыс əкімі   кешеннің салтанатты түрде лентасын қию рәсіміне қатысты.

Меценат, генерал-майор А. Шпекбаев, Қарасай ауданының Құрметті азаматы С. Жылқыбаев пен Ушинский атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Д. Шафхатов өз құттықтауларын жеткізді.

Мемориалды кешен экспозициялары бір үлкен залдан және үш тақырыптық бөліктен тұрады. "Сақ дәуірінен Алаш Орда үкіметінің құрылуына дейін", "Тәуелсіздікке жетуге елеулі үлес қосқан атақты хандар мен билер" жəне "Ерлігімен туған жердің даңқын асқақтатқан батырлар" деп аталатын кешен жас ұрпаққа алтыннан да қымбат қазына болмақ.

Экспозицияда кескілескен ұрыстар мен ел тағдыры қыл үстінде тұрған алма-ғайып заманда өзінің ерлігімен талай жаудың бетін қайтарып, ұлан ғайыр атырапты ұрпағына сақтап қалған атақты хандар мен билер, батырлар мен ел тәуелсіздігіне үлес қосқан жандардың портреттері бейнеленген. Экспозицияның орталық тұсында батыр бабаларға тағзым көрсетуді әспеттейтін композиция бейнеленген.

Бабалар рухына тағзым ету, жас ұрпаққа ата-баба ерлігін паш ету мақсатында бой көтерген кешеннің құрылысын "Дәулет Серпін 603" ЖШС мердігер құрылыс мекемесі жүргізді. Нысанның орналасқан жалпы жер аумағы - 1,04 гектарды құрайды. Кешеннің айналасына декоративті шыршалар мен көшеттер отырғызылып, толықтай абаттандырылған. Музей ғимараты облыс меценаттарының қаржысына, ал ішкі экспозицияларының құрылысы Алматы облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша салынды. Мемориалды кешенді күтіп-ұстауға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жауапты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай