31 қаңтар 2021 10:40

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы соққыға жыққан мектеп оқушысы ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pexels.com сайтынан Фото pexels.com сайтынан

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыны ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыны ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, 26 қаңтарда Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауруханаға "мұрын сүйектері жарақаты" диагнозымен жасөспірім келгені туралы хабарлама түскен. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен жәбірленушінің 34 жастағы жаттықтырушысын анықтады. Ол өзі бокс бапкері болып жұмыс істейтін спорт залды тазалап жатқанда қасына оқушыларының сыныптасы келгенін айтты. Онымен әңгімелесу кезінде оқушы дөрекі сөйлесе бастаған, содан кейін жаттықтырушы шыдай алмай, оның бетінен ұрған. Қазақстан Республикасы Қлымыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деді Еңбекшіқазақ аудандық ПБ басшысы Талғат Сейілханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети