24 тамыз 2017 | 10:48

Алматы облысында Dancing Zhetysu жобаcы қолға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Dancing Zhetysu. Дәл осындай атаумен Алматы облысында тың жоба қолға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Dancing Zhetysu. Дәл осындай атаумен Алматы облысында тың жоба қолға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы жарық көргелі облыс аумағында ілкімді істер атқарылып келеді. Әсіресе, ұлттық би өнерін туризм саласымен ұштастыра отырып, табиғаттың таңғажайып туындыларын тамашалауға мүмкіндік беретін жаңа Dancing Zhеtysu көпшілікті қызықтырып жатыр.

Жетісу жерінің тұмса табиғаттың әлемге таныту әрі туризм саласына жаңаша бағдар беру мақсатында қолға алынған жоба туралы автор Әділбек Абилов баспасөз-конференциясында жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, аталмыш жобаға облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі мен "Талдықорған әуендері" фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің мың бұралған бишілері қатысқан. Олар Жетісудың Көлсай, Шарын, Қайынды, Алтын Емел сынды көрікті жерлерінде арнайы түсірілім жасаған.

Келесі түсірілімдер тотыдайын таранып, күн сайын құлпырып келе жатқан Талдықорған қаласының көрікті жерлерінде іске аспақ.

"Ең алғаш ұсыныс түскенде зор жауапкершілік жүгін арқалау оңай болмады. Алайда жетісулық белсенді жастардың ел мүддесін ойлап, осындай тың жоба ойлап тапқандарына аз да болса өз үлесімді қосуды парызым санадым. Маған табиғат аясында билеген өте қатты ұнады. Бұл тек мені ғана емес, сонымен қатар әріптестерімді де шабыттандыра түсті. Небәрі төрт күнге созылған түсірілім қызықты өтті. Жұмыс барысы да еш қиындық туғызған жоқ. Себебі, өз кәсібін жақсы меңгерген білікті мамандармен тығыз байланыста жұмыс жасадық. Ал осы жобаға дайындалған биімізді шығару үшін көп тер төктік. Би Жетісу өлкесінің әр жерінде биленетіндіктен, оған сай костюм мен қойылымның сай келуі басты орында тұрды және әрбір іс-қимылда өзіндік сыр жатыр десек те болады. Осымен бірге, жалпы жобаның ұйымдастырушысы мен қолдау көрсеткен Алматы облыстық ішкі саясат басқармасына алғысымыз шексіз", - дейді "Талдықорған әуендері" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің бишісі Сара Қайыржанова.

Алдағы уақытта екі ұжым бірлесіп жүйелі жұмыс жасамақ ниетте. "Заманың түлкі болса тазы боп шал" дегендей, жастардың жарқын болашаққа жасаған жобасы көпшілік көңілінен шығады деген ойдамыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети