12 желтоқсан 2018 12:23

Алматы облысында екі апта бойы іздеуде жүрген 13 жастағы бала табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері Іле ауданында қараша айының соңында із-түзсіз жоғалған 13 жастағы жасөспірімді іздеп тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының полицейлері Іле ауданында қараша айының соңында із-түзсіз жоғалған 13 жастағы жасөспірімді іздеп тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған оқушының ата-анасы 29 қараша күні аудандық полицияға арыз жазғанымен, іздеудің алғашқы күндері оң нәтиже бермеді. Кәмелетке толмаған баланың қашу себептерін анықтауда жасөспірім өз үйінен ата-анасымен жанжалдасу себебінен кеткені белгілі болды.

"Баланы іздестіру жұмыстарына оның туыстарымен қатар кәмілеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекция қызметкерлері, Іле аудандық полициясы жедел бөлімшелерінің іздеушілері жұмылдырылды, сондай-ақ Алматы қаласындағы әріптестеріміз көмек көрсетті. Кеше жоғалған баланы Алматы қаласындағы көңіл көтеру орталықтарының бірінен тауып, үйіне жеткіздік. Қазіргі уақытта бала аман-есен және ата-анасының жанында", - делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үйінен қашқан жасөспірім баланың осы уақытқа дейін әртүрлі сауда үйлері мен компьютерлік клубтарды аралап, оңтүстік астанада қаңғыбастық күй кешкені анықталды.

"Ювеналды полиция іздеп табылған оқушыны профилактикалық есепке алды. Сонымен қатар, аталған оқушының ата-анасы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы" жөніндегі 127-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети