14 қаңтар 2021 13:25

Алматы облысында еріктілер үйінде қасқырларды терісі үшін өлтіріп жатқандарды көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында белгісіз біреулер жеке үйлердің бірінде қасқырларды терісі үшін өлтіріп, одан кілемшелер жасап, Желіде сатып жатыр. Бұл туралы үй жануарларын қорғайтын еріктілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында белгісіз біреулер жеке үйлердің бірінде қасқырларды терісі үшін өлтіріп, одан кілемшелер жасап, Желіде сатып жатыр. Бұл туралы үй жануарларын қорғайтын еріктілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зооқорғаушы жануарларға жасалып жатқан қатыгездік туралы айтып берді. Ол тағы бір еріктімен сол үйге барып, қасқырдың біреуін болса да аман алып қалу үшін оны сатып алған.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Алматы облысының полиция департаменті бұл жағдайды зерттеп жатыр.

Ескерту! Жүрегі әлсіздерге көруге болмайды!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгения Калиниченко (@zoohome_almaty)


Фото: zoohome_almaty

Еріктілер осы қасқырларды үй иесінен сатып алғанын айтады.

Айта кетейік, жануарлар түсірілген видеоға 1000-ға жуық пікір қалдырылған. Қазақстандықтар үй иесінің мұндай қатыгездігіне наразылық білдіріп жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі ролик авторы, зоотехник Евгения Калиниченкомен байланысқа шықты.

Ол әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде терілер мен қасқырларды сатып жатқандар туралы хабарландыруды көріп қалғанын айтты. Оның айтуынша, барлығы бес қасқыр сатылды, бірақ еріктілер тек біреуін сатып ала алған. "Сатушы" жануарын 140 мың теңгеге бағалаған екен.

"Ерікті Дарья Пересадько екеуміз қарызға ақша алып, хабарламада көрсетілген мекенжайға бардық. Бұл Алматы облысындағы жеке үй. Үйдің аумағына кірген кезде қасқырды көрдік, қорқынышты. Иісі де жаман болды. Пакеттерде қоқыс сияқты екі қарсақтың тушасы жатты", - дейді Евгения.

Видео авторы осы жағдайдан кейін табиғат қорғау прокуратурасына қоңырау шалғанын, бірақ олар өтінішт қабылдаудан бас тартқанын айтты.

Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында аталған фактіні анықтады. Қазірдің өзінде Талғар аудандық полиция басқармасы тексеру іс - шараларына кірісті, кінәлілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар міндетті түрде қабылданады", - деді полицейлер.

Сондай-ақ, осы жағдай бойынша Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сауал жолданды. Министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері болған оқиғаны зерттейтінін, сондай-ақ инспекторлар оқиға орнына баратынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети