1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы облысында үйінде қасқырлардың терісі табылған ер адам журналистермен сөйлесті 15 қаңтар 2021, 09:05

Қазақстандық телеарна репортерлері еріктілер Алматы облысы үйінде қасқырларды терісі үшін өлтірді деген тұрғынның үйіне келді, - деп хабарлайды
© instagram/zoohome_almaty © instagram/zoohome_almaty

Қазақстандық телеарна репортерлері еріктілер Алматы облысы үйінде қасқырларды терісі үшін өлтірді деген тұрғынның үйіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист пен үй иесінің әңгімесі Instagram желісіндегі zoohome_almaty парақшасында жарияланды. 

Ер адам келгендерді үйіне кіргізбей, еріктілердің айыптауымен келіспеген. Оның айтуынша, ол "ресми түрде" жұмыс істейді.  

"Адамдар лицензия бойынша атады (қасқырды). Бізге алып келіп, біз оны ары қарай өңдейміз. Оның несі қатыгездік?", - деді үй иесі. 

Қысқа әңгімеден кейін ер адамды әйел адам үйіне кіргізіп жіберді.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгения Калиниченко (@zoohome_almaty)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евгения Калиниченко (@zoohome_almaty)

Еске салайық, кеше, 14 қаңтарда Алматы облысында белгісіз біреулер жеке үйлердің бірінде қасқырларды терісі үшін өлтіріп, одан кілемшелер жасап, Желіде сатып жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы үй жануарларын қорғайтын еріктілер айтты. 

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Алматы облысының полиция департаменті бұл жағдайды зерттеп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!