Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматы облысында жаңа әскери оқу орталығының іргетасы қаланады

09 Мамыр 2014, 21:01
0
Сурет Марат Абилов©
Сурет Марат Абилов©

Алматы облысында жаңа әскери оқу орталығының іргетасы қаланады, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап. 

"ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Алматы облысы Заречный ауылындағы ұлттық гвардияға қарасты «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасақтың дайындығын көрді. Енді мұндағы жаңа ғимарат аяқталғаннан кейін ҚР Ішкі істер министрілігінің үздіктері «Бүркіт», «Сұңқар», «Арлан» жауынгерлері мен қызметкерлері арнайы дайындалатын болады. Сол үшін де бұл жерде әскери соғыс алаңдары, күзет бекеттері, ату орындары және басқа да нысандар бой көтереді. 5 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалатын жоба алдағы екі жылда аяқталуы тиіс", - деп хабарлайды телеарна. 

Сондай-ақ, сенаторлар "Оңтүстік" өңірлік қолбашылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің қару-жарағы мен әскери техникасымен танысты. 

"Ұлттық гвардияға аса маңызды міндет тапсырылып отыр. Бұл мерзімдік шара емес, біз әскери күшімізді күнделікті назарда ұстауымыз керек. Президентіміз "2050 - Стратегиясы" атты биылғы жолдауында және Қазақстан Халқы ассамблеясында сөйлеген сөзінде біздің экономикалық және әлеуметтік өрлеуіміз ішкі тұрақтылық болғанда ғана бекемделе түсетінін, ол үшін мемлекет қауіпсіздігін, шекараның бүтіндігін қамтамассыз ету керектігін айтқан болатын", - деді депутат Мұхтар Алтынбаев.

Бұған дейін Алматы облысы аумағында әскери тәжірибелер өткізетін оқу-жаттығу полигоны ашылатыны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Облыстық әкімшілік оқу-жаттығу полигонына арнап, 10 гектар жер бөлген еді. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай