19 шілде 2022 | 08:45

Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан жүргізуші жазаланбайтыны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Полиция мәліметінше, Алматы облысында көлігімен атты басқан жүргізушіге қатысты іс тараптардың татуласуымен аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция мәліметінше, Алматы облысында көлігімен атты басқан жүргізушіге қатысты іс тараптардың татуласуымен аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген залалды толық өтегенін хабарлады. Күдіктіге қатысты іс тоқтатылады.

"Тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады. Ол жануардың иесіне келтірілген залалды толық өтеген. Енді жылқыны басқан автокөлік жүргізушісіне қатысты шағым жоқ", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде атты басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оны жарақаты болғандықтан бауыздауға мәжбүр болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети