28 мамыр 2022 16:18

Алматы облысында кафеде төбелескен ер адамдар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде кафеде төбелескен ер адамдардың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде кафеде төбелескен ер адамдардың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжал Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде болды. Екі бармен жараланды. Ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Куәгерлердің сөзінше, бір топ ер адам мас күйде кафе қызметкерлерін ұрып-соғып, төбелесті. Оқиға бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Күдіктілер ұсталды.

"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Жанжал қатысушылары анықталды, олардың бірі 22 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Оқиға орнынан бейнежазбалар алынып, куәгерлерден жауап алынды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети