05 шілде 2021 15:09

Алматы облысында карантин күшейтілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында карантин күшейтілді. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы ресми сайтта жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында карантин күшейтілді. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы ресми сайтта жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, фитнес-клубтар, СПА-орталықтары, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, тамақтану орындары, жазғы алаңдар, фуд-корттар, бильярд, концерт залдары, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдау, караоке, көрмелер, марафондар, лотерея клубтары, балалар ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, цирк, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын Ashyq жобасына қосу кеңейтіледі.

Сондай-ақ, ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды және т.б. өткізуге тыйым салынады. Букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынады.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайлар мен аялдамаларда санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу міндетті болады.

Жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Вакцина алмаған қызметкерлер үшін жұмыс орнына келуге шектеу қойылады. Бұл шектеулер қызметкерлерге: халыққа қызмет көрсету нысандарына, көтерме және бөлшек сауда нысандарына, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын нысандарға, білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, дәрігерлерге, дәріхана ұйымдарына, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарына, демалыс орындарына, байланыс және телекоммуникация нысандарына және басқаларға қатысты.

Вакцина алмаған қызметкерлер үшін 7 күнде бір рет ПТР-сынама тапсыру міндетті болады. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Қаулы 2021 жылдың 7 шілдесінде таңғы сағат 7-де күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети