12 тамыз 2014 | 14:23

Алматы облысында Қытайдың 15 азаматы құлдықта болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай азаматтары кірпіш шығаратын зауытта жұмысқа заңсыз салынған. ©РИА Новости Қытай азаматтары кірпіш шығаратын зауытта жұмысқа заңсыз салынған. ©РИА Новости

Алматы облысында полиция Қытайдың 15 азаматын құлдықтан босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында полиция Қытайдың 15 азаматын құлдықтан босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Қарасай ауданындағы бір кәсіпорында Қытай азаматтарының адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жатқаны туралы шұғыл хабар алған. Тексеру барысында тәртіп сақшыларына осы жерден қашып кеткен жұмысшылардың бірі шағымданды. Кейін шағымға тағы 14 адам қосылды.

Құқық қорғау қызметкерлері кірпіш шығаратын кәсіпорындағы жұмысшыларды құлдықтан босатты. 20-25 жас шамасындағы бұл азаматтар Қазақстанға Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан келген қазақтар болып шықты. Олардың біріне дене жарақаттары келтірілгені белгілі болды.

Шетел азаматтарын құлдықта ұстау дерегі бойынша "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Зауыт директоры мен оның үш көмекшісі күдікті саналып отыр. Олар, өздерінің айтуынша, зауытқа Қытай азаматтарын сәуір айында ақшалай шағын аванс беріп, жалға алыпты.

Құлдықта болғандар полицияға жауап берген кезде заңсыз еңбек шарты, жұпыны тамақтану, тұрғынжайларының антисанитариялық жағдайы, қатаң тәртіп, жазалау шаралары туралы айтты. Алматы облыстық ішкі істер департаментінің бақылауына алынған тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, өткен маусым айында Қырғызстан билігі Жамбыл облысында құлдықта болған 14 жастағы жасөспірімді қайтарып алған еді. Бала Қордай ауданындағы мал шаруашылықтарының бірінде жұмысқа салынған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети