07 сәуір 2020 16:00

Алматы облысында мешіттен бірнеше рет садақа жәшігін ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Алматы облысында мешіттен садақа жәшіктерін ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында мешіттен садақа жәшіктерін ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл - күдіктінің мешіттегі алғашқы ұрлығы емес. Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмысты Чапаев ауылында жасаған. Күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың бұдан өзге бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталды. Полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген.

Наурыздың соңында Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге жиналған қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік үй-жайындағы ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне қатысы барын айтып берген. Ол ақпанда Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақшасы бар қайырымдылық жәшігін ұрлап, ал өткен жылдың шілдесінде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкерлердің бірінің қымбат велосипедін қолды қылған.

Қазіргі таңда ұры қамауға алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатын. Күдікті 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети