06 мамыр 2022 17:50

Алматы облысында мүгедекке шабуыл жасаған ауыл әкімі жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Жәкішев. Видеодан алынған кадр Болат Жәкішев. Видеодан алынған кадр

Елді дүрліктірген оқиға Алматы облысы Панфилов ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елді дүрліктірген оқиға Алматы облысы Панфилов ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияға ауыл белсендісі Болат Жәкішев жүгінген. 64 жастағы ер адамның айтуынша, әкім оны балағаттап, шабуылдаған. Бұл оқиға ауыл басшысының жергілікті халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесуінде болған.

Ауызша кикілжің екі ер адамның төбелесіне ұласқан. Салдарынан екінші топтағы мүгедек жергілікті белсенді зардап шегіп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Нәтижесінде, Панфилов ауылдық округінің әкімі Серік Шаловқа "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 30 630 теңге айыппұл салынды. Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті мен Талғар ауданының әкімдігі ресми түрде растады.

Tengrinews тілшісі ауылдық округ әкіміне хабарласып, жанжалдың мән-жайын білді.

"Айыппұл тек маған ғана емес, белсендіге де салынды. Мен қазір қандай да бір себептермен оқиғаның жәй-жапсарын айта алмаймын", - деді Серік Шалов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети