17 қараша 2016 18:51

Алматы облысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйел Өзбекстаннан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйел Өзбекстаннан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйел Өзбекстаннан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзбекстан Республикасының ІІМ өкілдерімен бірге жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйел Өзбекстаннан табылып, одан жауап алынды. Ол кінәсін толықтай мойындады", - деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Ал қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ұсталған әйелді шекарадан зансыз өтіп, ҚР көші-қоң заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, ІІМ өкілі қазіргі уақытта әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық іс материалдарын Өзбекстан Республикасына жіберуге қатысты мемлекеттік тапсырыстың дайындалып жатқанын айтты. 

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары бір әйелдің өз сәбиін аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны талқылаған болатын. Видеоны Instagram желісіне жүктеген авторлардың айтуынша, бұл видео бірнеше ай бұрын түсірілген. Олардың айтуынша, сәбиді ұрып-соғып жатқан әйел Қарақалпақстанның тумасы және Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарының маңында тұрған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети