15 тамыз 2014 16:56

Алматы облысында сел жүру қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматы облысында сел жүру қаупі болжанады деп хабарлайды "Алматы құтқару қызметі" МККК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында сел жүру қаупі болжанады деп хабарлайды "Алматы құтқару қызметі" МККК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйытқып дауыл соғу қаупі туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК мамандарынан келіп түскен. Мамандардың мәліметі бойынша, алдағы екі тәулікте, яғни 16 және 17 тамызда қатты жауын жауып, салдарынан Алматы облысының таулы аймақтағы көлдері тасып, сел жүруі мүмкін.

Осы белгіленген кезеңде Қазақстан территориясының барлық өңірінде жауын-шашынды болатынын баса айта кетелік. Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел секундына 15-23 метрге дейінгі жылдамдықта күшейіп, соғады. Сондай-ақ синоптиктер еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығыста ауа температурасы 30-38 градустан 25-30 градусқа дейін төмендейтіндігін болжап отыр. Жауын-шашынсыз аптап ыстық тек Батыс Қазақстан облысында сақталып, ондағы ауа температурасының көрсеткіші 43 градусқа дейін барады деп болжануда.

Алдында Алматы облысында қатты жауын-шашын болатындығы туралы 28 шілдеде жарияланған болатын. Ол кезде ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Алматы облысының таулы аумақтарындағы көлдер тасып, сел жүру қаупі болжанған. Облыстың тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздіктің барлық қажетті шараларын қабылдап, таулы аумаққа саяхаттауды жоспарламауға кеңес берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети