12 қыркүйек 2018 16:13

Алматы облысында үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

13 қыркүйекте Алматы облысында ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы Құтқару қызметінің хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


13 қыркүйекте Алматы облысында ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы Құтқару қызметінің хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысында үсік жүреді, ауа температурасы -1, -3 градус суық болады. 

Жалпы, синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда таяу күндері жауын-шашынсыз болады. Қыркүйектің 13-15 аралығында Қазақстанға жылжыған суық антициклон Ресейдің оңтүстігіне жылжиды.

Сонымен қатар, кей өңірлерде ауа температурасы жылы болады. Мысалы, Астанада алдағы күндері ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі. 

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облысытарында дабылды ескерту жариялады. 

13 қыркүйекте СҚО-да желдің күші секундына 15-20 метр болады, ал кей жерлерде желдің күші секундына 23-28 метр болуы мүмкін. 

Қыркүйектің 13-15 аралығында Қызылорда облысында шаң-тозаң боран болады, желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети