1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы облысындағы 22 жастағы жігіттің өлімі. Полиция басшысы жұмыстан босатылды 18 қаңтар 2021, 15:12

Алматы облысында 22 жастағы жігіт қайтыс болғаннан кейін полиция басшысы жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық
Фото:instagram/taldykorganec.insta Фото:instagram/taldykorganec.insta

Алматы облысында 22 жастағы жігіт қайтыс болғаннан кейін полиция басшысы жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Қылмыстық іспен бір мезгілде суицид дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде қызметтік беделдің түсуі анықталды.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша бұрын өз еркімен жұмыстан босату туралы рапорт берген төрт полиция қызметкері бүгінгі күні теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Ақсу аудандық полиция басшысы  қызметінен босатылды", - деді полицейлер.

Еске салайық, 22 жастағы жігіт 2020 жылдың соңында өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол полицеймен карта ойнап, одан ұтылып қалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!